Министрлік жылу электр орталығында болған жарылыс туралы сурет жалған екенін хабарлады

© PhotoМинистр энергетики Казахстана ознакомился с работами по запуску ТЭЦ-3 в Астане
Министр энергетики Казахстана ознакомился с работами по запуску ТЭЦ-3 в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.10.2023
Жазылу
29 қазанда кешке Астананың оң жағалауындағы кейбір аудан жарықсыз қалған еді
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Энергетика министрлігінің өкілдері желіде тарап жатқан жылу электр орталығындағы жарылыс туралы суреттің жалған екенін хабарлады.
Министрліктің хабарлауынша, қазіргі таңда сурет әлеуметтік желілер арқылы халық арасында тарап жатыр.
"Бұл суреттің Астанадағы апатқа қатысы жоқ",-делінген хабарламада.
Stopfake.kz мәліметінше, бұл кемінде 8 жыл бұрын түсірілген видео жазбаның кадры.
29 қазанда кешке Астананың оң жағалауындағы кейбір аудан жарықсыз қалған еді.
"Астана Энергия" АҚ ЖЭО-2-де қысқа тұйықталу болды, деп хабарлайды энергетика министрлігі.
Жаңалықтар
0