Фото

2023 жылға соңғы рет ай тұтылды – фото

Сенбі күні кешке Ай дискісінің 6 пайызы бір жарым сағат бойы жартылай жасырылды. Бұл аз болса да, тұрғындар Айдың толықтығын биылғы жылға соңғы рет тамашалады. Жалпы алдағы екі жылдағы бұл "ең терең Ай тұтылуының" көрінісі болмақ.
Sputnik
Ай тұтылуы мен осы құбылыстың әлем елдеріндегі көрінісі туралы толығырақ Sputnik Қазақстан суреттер топтамасынан көруге болады.
Сенбіден жексенбіге қараған түні Ай толық ай фазасына кірді. Қазандағы ай толықтығын әдетте "аңшылық айы" деп те атайды: бұл ай аң аулау үшін өте қолайлы болып саналды, өйткені осы уақытта көптеген жануар қысқы ұйқы алдында семіре бастады.
Бұл жолы толған ай сирек кездесетін астрономиялық құбылыс – Айдың жартылай тұтылуымен тұспа-тұс келді. Оның бірінші кезеңі 21:01-де басталып, соңғысы 01:26-да аяқталды, жалпы ұзақтығы 4 сағат 25 минутты құрады.
Айдың ішінара тұтылуын Еуропа, Африка, Азия, Антарктида және Океанияда тамашалауға мүмкіндік болды. Бұл құбылысты Солтүстік және Оңтүстік Американың кейбір тұрғындары да көре алды.
Бұл уақытта Ай дискісінің 6 пайызы ішінара жасырылған. Айдың келесі тұтылуы 2024 жылдың 25 наурызында күтілуде.
1 / 8

Владивостоктағы тұтылу алдындағы ай. 28 қазанға қараған түні Айдың тұтылуын бүкіл Ресей аумағындағы халық тамашалауға мүмкіндік алды.

2 / 8

Чилидің Сантьяго қаласында өтіп жатқан Панамерикалық ойындарда Алехандро Моно Гонсалестің қабырға суретінің жанында ай аспанға көтеріліп тұр.

3 / 8

Эль-Кувейт қаласының үстіндегі толық ай.

4 / 8

Джаландхарда аспанында жоғары көтерілген толған ай.

5 / 8

28 қазанда Манила аспанындағы толық ай.

6 / 8

Аджмердегі бұлттар арасынан көрініп тұрған толық ай.

7 / 8

Пәкістанның Карачи қаласында айдың жартылай тұтылуы.

8 / 8

Жаландхардағы жартылай тұтылуы кезіндегі Ай.