Сенбі күні кешке Ай дискісінің 6 пайызы бір жарым сағат бойы жартылай жасырылды. Бұл аз болса да, тұрғындар Айдың толықтығын биылғы жылға соңғы рет тамашалады... 30.10.2023, Sputnik Қазақстан
Ай тұтылуы мен осы құбылыстың әлем елдеріндегі көрінісі туралы толығырақ Sputnik Қазақстан суреттер топтамасынан көруге болады.Сенбіден жексенбіге қараған түні Ай толық ай фазасына кірді. Қазандағы ай толықтығын әдетте "аңшылық айы" деп те атайды: бұл ай аң аулау үшін өте қолайлы болып саналды, өйткені осы уақытта көптеген жануар қысқы ұйқы алдында семіре бастады.Бұл жолы толған ай сирек кездесетін астрономиялық құбылыс – Айдың жартылай тұтылуымен тұспа-тұс келді. Оның бірінші кезеңі 21:01-де басталып, соңғысы 01:26-да аяқталды, жалпы ұзақтығы 4 сағат 25 минутты құрады.Айдың ішінара тұтылуын Еуропа, Африка, Азия, Антарктида және Океанияда тамашалауға мүмкіндік болды. Бұл құбылысты Солтүстік және Оңтүстік Американың кейбір тұрғындары да көре алды.Бұл уақытта Ай дискісінің 6 пайызы ішінара жасырылған. Айдың келесі тұтылуы 2024 жылдың 25 наурызында күтілуде.
Сенбі күні кешке Ай дискісінің 6 пайызы бір жарым сағат бойы жартылай жасырылды. Бұл аз болса да, тұрғындар Айдың толықтығын биылғы жылға соңғы рет тамашалады. Жалпы алдағы екі жылдағы бұл "ең терең Ай тұтылуының" көрінісі болмақ.
Ай тұтылуы мен осы құбылыстың әлем елдеріндегі көрінісі туралы толығырақ Sputnik Қазақстан суреттер топтамасынан көруге болады.
Сенбіден жексенбіге қараған түні Ай толық ай фазасына кірді. Қазандағы ай толықтығын әдетте "аңшылық айы" деп те атайды: бұл ай аң аулау үшін өте қолайлы болып саналды, өйткені осы уақытта көптеген жануар қысқы ұйқы алдында семіре бастады.
Бұл жолы толған ай сирек кездесетін астрономиялық құбылыс – Айдың жартылай тұтылуымен тұспа-тұс келді. Оның бірінші кезеңі 21:01-де басталып, соңғысы 01:26-да аяқталды, жалпы ұзақтығы 4 сағат 25 минутты құрады.
Айдың ішінара тұтылуын Еуропа, Африка, Азия, Антарктида және Океанияда тамашалауға мүмкіндік болды. Бұл құбылысты Солтүстік және Оңтүстік Американың кейбір тұрғындары да көре алды.
Бұл уақытта Ай дискісінің 6 пайызы ішінара жасырылған. Айдың келесі тұтылуы 2024 жылдың 25 наурызында күтілуде.