АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Қарағанды облысындағы шахтадағы трагедияға байланысты президент 29 қазанды елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.
29 қазан сағат 09:00-дегі мәлімет бойынша Костенко атындағы шахтада 35 адамның денесі табылды, олардың 29-ының денесі жер бетіне шығарылды, 11 кеншіні іздеу жалғасып жатыр.
Еске сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына арнайы барып, апатқа кінәлілерді жауапқа тартуды тапсырды.
Президент қаза тапқан және зардап шеккен азаматтардың отбасыларына жан-жақты көмек көрсетілетінін атап өтті.
Костенко атындағы шахтадағы апат 28 қазанға қараған түні болды.