Өңірлер

Қарағандыдағы шахтада қаза болғандар саны 16 адамға жетті

Құтқарушылар отыз бір шахтерді әлі іздеп жатыр
Sputnik
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Қарағандыда Костенко атындағы шахтада апаттан қаза болғандар саны 16 адамға жетті. Бұл туралы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ хабарлады.
Тағы 31 кеншіні іздеу жұмыстары жалғасуда.
Апат болған кезде жер астында 252 адам болған, оның 205-і жер бетіне шығарылды. 18 кенші ауруханаға жатқызылды.
Апат орнында PVASS құтқарушылары жұмыс істеп жатыр. Штаб құрылды.
Бұған дейін президент үкіметке "АрселорМиттал Теміртау" компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды.
Қоғам
Тоқаев "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-мен ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды