АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Қазақстан үкіметі "АрселорМиттал Теміртау" АҚ кәсіпорындары басқа шетелдік инвесторларға беріледі деген қауесетті жоққа шығарды.
"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазіргі уақытта кәсіпорынды Қазақстан Республикасының пайдасына қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде. Үкімет "АрселорМиттал Теміртау" компаниясын одан кейін басқа шетелдік инвесторларға тапсыру мәселесін қарастырып жатқан жоқ", - деп хабарлады министрлер кабинетінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін үкімет "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорындарын Қазақстанға қайтару туралы алдын ала келісімге қол жеткізілгенін хабарлаған болатын.
Костенко атындағы шахтадағы апаттан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке "АрселорМиттал Теміртау" компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.