Кемел Тоқаев туралы тың деректер таныстырылды: президент музейді аралады

Президент мұражайдағы жәдігерлерді көбейту керектігін атап өтті
Sputnik
АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаратал тарихи-өлкетану музейін аралап көрді, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы Қаратал тарихи-өлкетану музейін аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жетісу облысына жұмыс сапары Қаратал ауданында жалғасты. Мемлекет басшысы аудан орталығы – Үштөбе қаласындағы Қаратал тарихи-өлкетану музейіне барды. Музей биыл пайдалануға берілген.
Мемлекет басшысы Қаратал тарихи-өлкетану музейін аралап көрді
Жалпы ауданы 2520 шаршы метр болатын қос қабатты ғимаратта өлке тарихына қатысты 350-ге жуық экспонат қойылған.
Мемлекет басшысы Қаратал тарихи-өлкетану музейін аралап көрді
Мемлекет басшысына музейдегі археологиялық артефактілер, этнографиялық жәдігерлер көрсетіліп, Қаратал ауданының тарихы және жазушы Кемел Тоқаев, Қазақ ССР халық әртісі Бикен Римова, осы өңірден шыққан ақын-жыраулар, би-шешендер мен елге еңбегі сіңген басқа да тұлғалар туралы тың деректер таныстырылды.
Мемлекет басшысы Қаратал тарихи-өлкетану музейін аралап көрді
Президент музейде жергілікті зиялы қауым өкілдерімен жүздесу барысында мұражайды аралап шыққанын және ондағы жәдігерлерді көбейту керектігін атап өтті. Сондай-ақ қоғам дамуы үшін мұндай мәдени нысандардың қажет екеніне назар аударды.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.