https://sputnik.kz/20231027/kemel-toqaev-turaly-tyn-derekter-tanystyryldy-prezident-muzeydi-aralady-39688309.html
Кемел Тоқаев туралы тың деректер таныстырылды: президент музейді аралады
Кемел Тоқаев туралы тың деректер таныстырылды: президент музейді аралады
Sputnik Қазақстан
Президент мұражайдағы жәдігерлерді көбейту керектігін атап өтті 27.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-27T12:48+0500
2023-10-27T12:48+0500
2023-10-27T12:48+0500
музей
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/1b/39686257_0:74:1280:794_1920x0_80_0_0_cc60ccb2ba414cac62671a6df2a640bf.jpg
АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаратал тарихи-өлкетану музейін аралап көрді, деп хабарлады Ақорда.Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жетісу облысына жұмыс сапары Қаратал ауданында жалғасты. Мемлекет басшысы аудан орталығы – Үштөбе қаласындағы Қаратал тарихи-өлкетану музейіне барды. Музей биыл пайдалануға берілген.Жалпы ауданы 2520 шаршы метр болатын қос қабатты ғимаратта өлке тарихына қатысты 350-ге жуық экспонат қойылған.Мемлекет басшысына музейдегі археологиялық артефактілер, этнографиялық жәдігерлер көрсетіліп, Қаратал ауданының тарихы және жазушы Кемел Тоқаев, Қазақ ССР халық әртісі Бикен Римова, осы өңірден шыққан ақын-жыраулар, би-шешендер мен елге еңбегі сіңген басқа да тұлғалар туралы тың деректер таныстырылды.Президент музейде жергілікті зиялы қауым өкілдерімен жүздесу барысында мұражайды аралап шыққанын және ондағы жәдігерлерді көбейту керектігін атап өтті. Сондай-ақ қоғам дамуы үшін мұндай мәдени нысандардың қажет екеніне назар аударды.Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/1b/39686257_188:63:1262:868_1920x0_80_0_0_dd856b3ea1ec96235c84a7dc5d63c5b9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
музей
Кемел Тоқаев туралы тың деректер таныстырылды: президент музейді аралады
Президент мұражайдағы жәдігерлерді көбейту керектігін атап өтті
АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаратал тарихи-өлкетану музейін аралап көрді, деп хабарлады Ақорда.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жетісу облысына жұмыс сапары Қаратал ауданында жалғасты. Мемлекет басшысы аудан орталығы – Үштөбе қаласындағы Қаратал тарихи-өлкетану музейіне барды. Музей биыл пайдалануға берілген.
Жалпы ауданы 2520 шаршы метр болатын қос қабатты ғимаратта өлке тарихына қатысты 350-ге жуық экспонат қойылған.
Мемлекет басшысына музейдегі археологиялық артефактілер, этнографиялық жәдігерлер көрсетіліп, Қаратал ауданының тарихы және жазушы Кемел Тоқаев, Қазақ ССР халық әртісі Бикен Римова, осы өңірден шыққан ақын-жыраулар, би-шешендер мен елге еңбегі сіңген басқа да тұлғалар туралы тың деректер таныстырылды.
Президент музейде жергілікті зиялы қауым өкілдерімен жүздесу барысында мұражайды аралап шыққанын және ондағы жәдігерлерді көбейту керектігін атап өтті. Сондай-ақ қоғам дамуы үшін мұндай мәдени нысандардың қажет екеніне назар аударды.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.