Смайылов ШЫҰ-да кедендік рәсімдерді жеңілдетуді ұсынды

Смайылов Бішкекте Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің 22-ші отырысында сөз сөйледі
Sputnik
АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. Қазақстанның премьер-министрі Әлихан Смайылов ШЫҰ елдерінде кедендік рәсімдерді жеңілдетуге және электронды сауданы қолдауға шақырды.
Министрлер кабинетінің басшысы түрлі бағалаулар бойынша биылғы жылы ШЫҰ елдерінде электронды сатудан түскен жалпы табыс 1,5 триллион долларға жетуі мүмкін екенін айтты.
"Электрондық сауда келешегі зор салалардың біріне айналуда. Түрлі бағалаулар бойынша ШЫҰ елдерінде электронды сатудан түсетін жалпы табыс биыл шамамен 1,5 триллион долларды құрауы мүмкін. Біз электронды коммерцияны қолдау үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Ең алдымен кедендік рәсімдерді жеңілдету керек", - деді Әлихан Смайылов ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің үкімет басшылары кеңесінің отырысында.
Сондай-ақ Смайылов ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдерін 2024 жылдың ақпанында өтетін Digital Almaty цифрлық форумына қатысуға шақырды.
Ол іс-шара сонымен қатар ШЫҰ кеңістігінде цифрлық хабты қалыптастыруға арналатынын айтты.
Иран Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше болды