https://sputnik.kz/20230704/iran-shankhay-yntymaqtastyq-uyymyna-mushe-boldy-36544630.html
Иран Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше болды
Иран Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше болды
Sputnik Қазақстан
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің басшылары, сондай-ақ ұйымға хатшылығының басшысы Иранның мүше болуын құптады 04.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-04T17:08+0500
2023-07-04T17:08+0500
2023-07-04T17:08+0500
иран
шыұ
https://sputnik.kz/img/1248/69/12486955_0:316:3079:2048_1920x0_80_0_0_57d9b0c4a21fbbd8d6eb8cde7ce695a1.jpg
АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди ұйымның жаңа мүшесін құттықтай отырып, ШЫҰ-ға кіруге ұмтылу бұл қауымдастықтың тиімділігін айғақтайтынын атап өтті.Моди сондай-ақ Иранның ШЫҰ-ға қосылуы Чабахар порты мен "Солтүстік-Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізінің толық әлеуетін іске асыру бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік беретінін айтты.Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, ШЫҰ-ның кеңеюі көп қырлы өзара тиімді ынтымақтастықтың тұрақты өсіп жатқан рөлі мен тартымдылығын айғақтайды.Ресей президенті Владимир Путин де өз сөзінде ШЫҰ-ның жаңа мүшесін құттықтап, Тегеранның барлық бірігу процесіне етене араласудың маңыздылығын атап өтті."Екі жылдан аз уақыт ішінде ирандық серіктестер барлық қажетті рәсімдерді аяқтады. Ендігі әріптестерімізге ШЫҰ аясында жүргізіліп жатқан көпқырлы жұмыстарға тиімді етене араласуына көмектесу біздің ортақ міндетіміз", - деді Путин.Ол ШЫҰ-ның беделі мен ықпалы артып жатқанына, басқа мемлекеттер мен халықаралық құрылымдар тарапынан ұйым қызметіне қызығушылықтың ұлғайып жатқанына қуанатынын жеткізді.Иран президенті Эбрахим Раиси ШЫҰ бойынша әріптестеріне жылы лебіздері үшін алғыс айтып, елдің Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) қатысуы Иранға қауіпсіздікті нығайту, егемендікті қамтамасыз ету және тұрақты экономикалық даму үшін жағдай жасайтынын айтты."Осы маңызды ұйымға толыққанды мүше болу Иранға ұжымдық қауіпсіздікті нығайтуға, тұрақты экономикалық дамуға, егемендікті бұрынғыдан да берікқамтамасыз етуге ықпал етеді деп сенеміз", - деді ол ШЫҰ саммитінде сөйлеген сөзінде.ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин ұйымға жаңа мүшелердің кіруін белсенді түрде ынталандыруға шақырды."Жаңа мүшелердің ұйымға кіруіне белсенді және дәйекті түрде жәрдемдесу, сондай-ақ тиісті халықаралық және өңірлік ұйымдармен ынтымақтастықты нығайту және кеңейту қажет", - деді ол.ШЫҰ-ға мүше мемлекет басшылары кеңесінің жиырма үшінші саммиті Нью-Делиде виртуалды форматта өтіп жатыр. Бұл іс-шарада Иранның ұйымға толыққанды мүшелігі қарастырылады деп көзделген болатын.Чжан Миннің айтуынша, "Шанхай рухын" құптайтын және ШЫҰ жарғысын сақтайтын кез келген ел ұйымға қосыла алады.ШЫҰ 2001 жылы құрылған. Оған Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Пәкістан және Өзбекстан кіреді. Бақылаушы елдер – Ауғанстан, Беларусь, Иран және Моңғолия, әріптес елдер – Әзербайжан, Армения, Камбоджа, Непал, Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия және Шри-Ланка.
https://sputnik.kz/20230704/duniezhuzilik-saudanyn-15--i-shyu-elderinin-ulesine-tiesili--toqaev-36534038.html
иран
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1248/69/12486955_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_2a0310643963dac1b2955d644ee0a655.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
иран, шыұ
Иран Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше болды
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің басшылары, сондай-ақ ұйымға хатшылығының басшысы Иранның мүше болуын құптады
АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди ұйымның жаңа мүшесін құттықтай отырып, ШЫҰ-ға кіруге ұмтылу бұл қауымдастықтың тиімділігін айғақтайтынын атап өтті.
"Иранның ШЫҰ-ға толыққанды мүше ретінде қосылып жатқанына қуаныштымын. Президент Раисиге және Иран халқына бар жақсылықты тілеймін. Сондай-ақ Беларусь Республикасының ШЫҰ-ға мүше болу ниеті туралы меморандумға қол қоюды құптаймын", - деді Моди.
Моди сондай-ақ Иранның ШЫҰ-ға қосылуы Чабахар порты мен "Солтүстік-Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізінің толық әлеуетін іске асыру бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік беретінін айтты.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, ШЫҰ-ның кеңеюі көп қырлы өзара тиімді ынтымақтастықтың тұрақты өсіп жатқан рөлі мен тартымдылығын айғақтайды.
Ресей президенті Владимир Путин де өз сөзінде ШЫҰ-ның жаңа мүшесін құттықтап, Тегеранның барлық бірігу процесіне етене араласудың маңыздылығын атап өтті.
"Екі жылдан аз уақыт ішінде ирандық серіктестер барлық қажетті рәсімдерді аяқтады. Ендігі әріптестерімізге ШЫҰ аясында жүргізіліп жатқан көпқырлы жұмыстарға тиімді етене араласуына көмектесу біздің ортақ міндетіміз", - деді Путин.
Ол ШЫҰ-ның беделі мен ықпалы артып жатқанына, басқа мемлекеттер мен халықаралық құрылымдар тарапынан ұйым қызметіне қызығушылықтың ұлғайып жатқанына қуанатынын жеткізді.
Иран президенті Эбрахим Раиси ШЫҰ бойынша әріптестеріне жылы лебіздері үшін алғыс айтып, елдің Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) қатысуы Иранға қауіпсіздікті нығайту, егемендікті қамтамасыз ету және тұрақты экономикалық даму үшін жағдай жасайтынын айтты.
"Осы маңызды ұйымға толыққанды мүше болу Иранға ұжымдық қауіпсіздікті нығайтуға, тұрақты экономикалық дамуға, егемендікті бұрынғыдан да берікқамтамасыз етуге ықпал етеді деп сенеміз", - деді ол ШЫҰ саммитінде сөйлеген сөзінде.
ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин ұйымға жаңа мүшелердің кіруін белсенді түрде ынталандыруға шақырды.
"Жаңа мүшелердің ұйымға кіруіне белсенді және дәйекті түрде жәрдемдесу, сондай-ақ тиісті халықаралық және өңірлік ұйымдармен ынтымақтастықты нығайту және кеңейту қажет", - деді ол.
ШЫҰ-ға мүше мемлекет басшылары кеңесінің жиырма үшінші саммиті Нью-Делиде виртуалды форматта өтіп жатыр. Бұл іс-шарада Иранның ұйымға толыққанды мүшелігі қарастырылады деп көзделген болатын.
Чжан Миннің айтуынша, "Шанхай рухын" құптайтын және ШЫҰ жарғысын сақтайтын кез келген ел ұйымға қосыла алады.
ШЫҰ 2001 жылы құрылған. Оған Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Пәкістан және Өзбекстан кіреді. Бақылаушы елдер – Ауғанстан, Беларусь, Иран және Моңғолия, әріптес елдер – Әзербайжан, Армения, Камбоджа, Непал, Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия және Шри-Ланка.