Шығыс Қазақстанда 12 вагон рельстен шығып кетті

Жүк құрамасы кен және көмір тасымалдағаны белгілі болды
Sputnik
АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында жүк пойызының 12 вагоны рельстен шығып кеткен, бірақ аударылмаған, деп хабарлады Altaynews.kz сайты.
Оқиға бүгін таңертең "Бұқтырма-Заводинка" темір жолының учаскесінде болды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Жағдайды Алтай ауданы мен Шығыс Қазақстан облысының билігі бақылауға алып, шұғыл әрекет ету қызметтері жұмылдырылды.
Жүк құрамасы кен және көмір тасымалдағаны белгілі болды.
Пойыз кешіккені үшін билет бағасына жеңілдік жасала ма – министр жауабы