АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. Қазақстандық спортшы Дастан Мұқашбеков Ханчжоуда өтіп жатқан Азия пара ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Жеңіл атлетикадан сынға түскен жерлесеміз ядро лақтыру сайысында үздік нәтиже көрсетті. Мұқашбеков снарядты 15,74 метрге лақтырды. Ал қазақтандық Иван Зелезняк 12,39 м нәтижесімен қола медаль жеңіп алды. Екінші орынды БАӘ спортшысы иеленді.
Айта кетері, Қазақстан құрамасы Азия пара ойындарында осымен алтыншы алтын медаль жеңіп алды.