Азия пара ойындары: Ханчжоуда Қазақстан туы көтерілді

© Photo : Турзим және спорт министрлігінің баспасөз қызметіАзия пара ойындары: Ханчжоуда Қазақстан туы көтерілді
Азия пара ойындары: Ханчжоуда Қазақстан туы көтерілді  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.10.2023
Жазылу
Жарысқа 22 спорт түрінен 43 мемлекеттен 4000-ға жуық спортшы қатысады
АСТАНА, 21 қазан - Sputnik. 21 қазанда Ханчжоудағы пара атлетикалық ауылда Қазақстанның мемлекеттік туын салтанатты түрде көтеру рәсімі өтті. Осылайша, бүгіннен бастап Қазақстан құрамасы ресми түрде IV Азия Пара ойындарының сайыстарына қатысуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Іс-шараға Қазақстан құрамасының спортшылары мен спорт саласының мамандары қатысты.

"Біздің алдымызда құнды медальдар үшін қарқынды күрес тұр. Қарсыластарымыз осал емес. Осы Ханчжоу-2022 пара ойындарына еліміздің атынан спорттың 14 түрі бойынша 131 спортшы қатысады. Бұл - Қазақстанның Азия пара ойындары тарихындағы қатысушылар саны бойынша жаңа рекорд. Алдыңғы ойындарға Қазақстаннан 9 спорт түрінен 91 спортшы қатысып, 33 жүлдеге қол жеткізген болатын. Биылғы жылы одан да көп медаль әкелеміз деп үміттенеміз",- деді ұлттық паралимпиада комитетінің бас хатшысы Ерлан Сүлейменов.

Айта кетсек, IV Азия Пара ойындары 22-28 қазан аралығында Ханчжоу (ҚХР) қаласында өтеді. Жарысқа 22 спорт түрінен 43 мемлекеттен 4000-ға жуық спортшы қатысады.
Жаңалықтар
0