Қазақстандықтар баспана алуға және емделуге 3,7 триллион теңге зейнетақы жинағын жұмсаған

Sputnik
АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. 2023 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша қазақстандықтардың тұрғын үй сатып алу және емделу туралы 1,9 миллионға жуық өтініші мақұлданып, арнайы шоттарға 3,7 триллион теңгеге жуық қаражат аударылды, деп хабарлайды БЖЗҚ. Оның ішінде 1,4 миллион өтініш тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында зейнетақы жинағын пайдалануды қамтыды.
Сондай-ақ БЖЗҚ емделуді қарастыратын 391,79 миллиард теңгеге 457 513 өтінішті мақұлдады. Алынған орташа сома шамамен 0,86 миллион теңгені құрайды. Қазақстандықтар жолдаған өтініштердің 96%-дан астамы стоматологиялық қызмет алуды, 2,5%-ы офтальмологиялық қызмет алуды қарастырған. Зейнетақы жинағының 1%-дан аз мөлшері басқа медициналық салаларға жұмсалды.
Зейнетақы жинағын пайдалану бойынша толық статистиканы Қор сайтындағы "Көрсеткіштер" – "Емдеуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері" бөлімінде көруге болады.
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алатындардың саны күрт өсті – БЖЗҚ себебін түсіндірді