https://sputnik.kz/20230823/zeynetaqy-zhinagyn-merziminen-buryn-alatyndardyn-sany-kurt-osti--bzhzq-sebebin-tusindirdi-37894107.html
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алатындардың саны күрт өсті – БЖЗҚ себебін түсіндірді
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алатындардың саны күрт өсті – БЖЗҚ себебін түсіндірді
Sputnik Қазақстан
Шілде айында мерзімінен бұрын алынған зейнетақы жинағының сомасы 28,5 млрд теңгеге өсті 23.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-23T17:00+0500
2023-08-23T17:00+0500
2023-08-23T17:17+0500
әскери қызметкер
зейнетақы
https://sputnik.kz/img/639/76/6397616_0:63:1498:906_1920x0_80_0_0_5b876be1df7bf9721df9ce6eb1bf5997.jpg.webp
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Қазақстанда зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алатын адамдардың саны күрт өсті. Шілде айында өтініштер мен соманың көлемі төрт есеге артты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Krisha.kz-ке сілтеме жасап.Ресми мәліметке сәйкес, биыл қаңтар-маусымда қазақстандықтар ай сайын шамамен 7 млрд теңгеден алып отырған. Ал шілде айында мерзімінен бұрын алынған зейнетақы жинағының сомасы 28,5 млрд теңгеге өсті.Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ұсынған ақпаратқа сәйкес, өткен айда зейнетке шыққан азаматтар көп өтініш берген. Себебі 1 шілдеден бастап Әлеуметтік кодекстің жаңа бабы күшіне енді. Оған сәйкес, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетке шыққандар барлық жинағын алып, тұрғын үйге немесе емдеуге жұмсай алады.Қазақстанда ондай азаматтардың саны – 62 398 адам. Олар еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алады, қордағы жинағын да толығымен ала алады. Осы санаттағы зейнеткерлердің жинаған ақшасы 91,04 млрд теңгені құрап отыр.Қазақстанда еңбек сіңірген жылдары үшін зейнеткерлікке күш құрылымдарының қызметкерлері шығады. Олар:Заң бойынша еңбек сіңірген жылдары үшін 45 жаста зейнетке шығуға болады. Алайда жалпы еңбек өтілі кем дегенде 25 жыл болуы шарт. Әскери қызметшілер үшін тағы бір талап бар. Олар 25 жылдың ішінде 12 жыл 6 айды үздіксіз атқарып шығуға міндетті.
https://sputnik.kz/20230813/zeynetaqy-zhinagyn-mura-etip-qaldyruga-bola-ma-37637733.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/639/76/6397616_50:0:1383:1000_1920x0_80_0_0_9206997dfec20508eb3f88d8515033d3.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әскери қызметкер, зейнетақы
әскери қызметкер, зейнетақы
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алатындардың саны күрт өсті – БЖЗҚ себебін түсіндірді
17:00 23.08.2023 (жаңартылды: 17:17 23.08.2023) Шілде айында мерзімінен бұрын алынған зейнетақы жинағының сомасы 28,5 млрд теңгеге өсті
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Қазақстанда зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алатын адамдардың саны күрт өсті. Шілде айында өтініштер мен соманың көлемі төрт есеге артты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Krisha.kz-ке
сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, биыл қаңтар-маусымда қазақстандықтар ай сайын шамамен 7 млрд теңгеден алып отырған. Ал шілде айында мерзімінен бұрын алынған зейнетақы жинағының сомасы 28,5 млрд теңгеге өсті.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ұсынған ақпаратқа сәйкес, өткен айда зейнетке шыққан азаматтар көп өтініш берген. Себебі 1 шілдеден бастап Әлеуметтік кодекстің жаңа бабы күшіне енді. Оған сәйкес, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетке шыққандар барлық жинағын алып, тұрғын үйге немесе емдеуге жұмсай алады.
Қазақстанда ондай азаматтардың саны – 62 398 адам. Олар еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алады, қордағы жинағын да толығымен ала алады. Осы санаттағы зейнеткерлердің жинаған ақшасы 91,04 млрд теңгені құрап отыр.
Қазақстанда еңбек сіңірген жылдары үшін зейнеткерлікке күш құрылымдарының қызметкерлері шығады. Олар:
арнаулы, мемлекеттік және құқық қорғау органдары;
мемлекеттік фельдъегерлік қызмет.
Заң бойынша еңбек сіңірген жылдары үшін 45 жаста зейнетке шығуға болады. Алайда жалпы еңбек өтілі кем дегенде 25 жыл болуы шарт. Әскери қызметшілер үшін тағы бір талап бар. Олар 25 жылдың ішінде 12 жыл 6 айды үздіксіз атқарып шығуға міндетті.