Елорда тынысы

Астанада көлік қозғалысына арналған жаңа көпір 30 қазанда ашылады

Ертең, 25 қазан күні көпір үстінде сынақ жұмыстары басталады
Sputnik
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Астанада Тәуелсіздік даңғылындағы жаңа көпір 30 қазан күні ашылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Көпір – сегіз жолақты, яғни төртеуі бір жағында, қалған төртеуі екінші жағында.
Көпір үстінде сынақ жұмыстары 25 қазан күні басталады. Көпір статикалық жүктемемен сыналады – кезең-кезеңімен арнайы техникалар (30 тонналық самосвалдар) пайдаланылады. Көпірдің жай-күйін бақылап, жағдайды назарда ұстау үшін қажетті көрсеткіштер беретін сенсорлар орнатылады.
"Осылайша, жүргізушілер үшін қозғалыс 30 қазанда ашылады. Ал абаттандыру жұмысы көктемде аяқталады", - делінген хабарламада.
Әкімдік жаңа көпір өзге көшелерге түсетін жүктемені едәуір жеңілдетуге мүмкіндік беретінін атап өтті: сол жағалауды Тәуелсіздік даңғылымен, жаңа теміржол вокзалымен, Қошқарбаев даңғылымен, Нәжімеденов көшесімен, Әзірет Сұлтан мешітімен, Байтұрсынов, Қордай, Айнакөл көшелерімен, Момышұлы даңғылымен байланыстырады.
Астанада тегін автотұрақтың абонементін қалай алуға болады