Астанада тегін автотұрақтың абонементін қалай алуға болады

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуЗнак "Парковка (парковочное место)"
Знак Парковка (парковочное место) - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.10.2023
Жазылу
1 қазаннан бастап Астанада демалыс және мереке күндері тұрақ ақылы
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Астанада көлікті белгілі бір жерде тегін қоюға мүмкіндік беретін абонемент алуға болады. "Астана тұрақ кеңістігі" компаниясы оны рәсімдеу тәртібін жариялады.
Осы уақытқа дейін қала тұрғындарынан түскен өтініштердің негізінде 2 000-нан астам резидент абонементі рәсімделді. Соның арқасында нақты бір тұрақ орындарында көлікті тегін қалдырып кетуге болады.
Абонементтің шарттары:
резидент абонементі бір пәтерге ғана беріледі;
көлік тіркеуі Астанада, ал нөмірінде 01 сериясы болуы керек;
резидент абонементі үшінші тұлғаларға рәсімделмейді;
абонемент механикалық көлік құралдарына беріледі (оған тракторлар және тұрақтың қалыпты габаритінен асатын көліктер кірмейді).
Абонементті тегін қоюға болатын тұрақ орындары мен мекенжайлары astanapark.kz сайтында "РЕЗИДЕНТТЕР" бөлімінде көрсетілген.
Ал резидент абонементін алу үшін сайтта тіркеліп, онлайн режимде өтініш жіберу керек.
Айта кетері, 1 қазаннан бастап Астанада демалыс және мереке күндері тұрақ ақылы болды.
Жаңалықтар
0