Саясат

Тоқаев үш елшіні тағайындады

Данияр Сарекенов Қазақстанның Индонезиядағы елшісі, Қазақстанның Филиппин Республикасындағы елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды
Sputnik
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Индонезия, Мексика және Латвиядағы елшілерін тағайындады, деп хабарлайды Ақорда.
Президент жарлығымен Сержан Әбдікәрімов Қазақстанның Индонезия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.
Тимур Пірімбетов Қазақстанның Мексика Құрама Штаттарындағы төтенше және өкілетті елшісі болды. Ол Қазақстанның Латвия Республикасындағы елшісі қызметінен босатылды.
Латвияға төтенше және өкілетті елші болып Дәурен Кәріпов барады.
Сондай-ақ Данияр Сарекенов Қазақстанның Индонезиядағы елшісі, Қазақстанның Филиппин Республикасындағы елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.
Қалетаев Украинадағы елші лауазымынан кеткенін жоққа шығарды