https://sputnik.kz/20230908/qaletaev-ukrainadagy-elshi-lauazymynan-ketkenin-zhoqqa-shygardy-38292719.html
Қалетаев Украинадағы елші лауазымынан кеткенін жоққа шығарды
Қалетаев Украинадағы елші лауазымынан кеткенін жоққа шығарды
Sputnik Қазақстан
Асықпаңыз, мен әлі елшімін, деді ол БАҚ өкілдеріне 08.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-08T15:14+0500
2023-09-08T15:14+0500
2023-09-08T15:14+0500
украина
елші
https://sputnik.kz/img/580/54/5805454_0:0:2016:1134_1920x0_80_0_0_6fd94e30776ebe4702d9273aa63daa44.jpg
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Қалетаев қызметінен әлі кетпегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бұған дейін кәсіпкер Данат Жумин әлеуметтік желідегі парақшасында Украинада елші Дархан Қалетаевпен кездескенін жазды. Елші оны "дипломатиялық миссиясының аяқталуына арналған шараға" шақырды. Жумин елшілікте түскен фотосын да жариялады.Бірақ Дархан Қалетаевтың өзі елші қызметін аяқтағанын растаған жоқ."Асықпаңыз, мен әлі елшімін", - деді ол бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында.Ал сыртқы істер министрлігі елшілер тек президенттің жарлығымен ғана қызметінен босатылатынын еске салды.Қалетаев туралы не білеміз?Дархан Қалетаев 1972 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, Мемлекеттік басқару ұлттық жоғары мектебін тәмамдаған.Еңбек жолын 1995 жылы бастаған. Қазақстан президенті әкімшілігінің, білім және мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрліктерінің құрылымында жұмыс істеген.2018 жылдың сәуірінен 2019 жылдың ақпанына дейін қоғамдық даму министрі қызметін атқарды. Одан кейін премьер-министрі кеңсесінің басшысы болып тағайындалды. Бір жылдың ішінде президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары және Қазақстанның Молдовадағы елшісі қызметін атқарды. Ал 2020 жылы Украинаға елші болып барды.
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/580/54/5805454_144:0:1939:1346_1920x0_80_0_0_60f0d0bbfb1838a8cdd9ebf5702fe88f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина, елші
Қалетаев Украинадағы елші лауазымынан кеткенін жоққа шығарды
Асықпаңыз, мен әлі елшімін, деді ол БАҚ өкілдеріне
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Қалетаев қызметінен әлі кетпегенін мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Бұған дейін кәсіпкер Данат Жумин әлеуметтік желідегі парақшасында Украинада елші Дархан Қалетаевпен кездескенін жазды. Елші оны "дипломатиялық миссиясының аяқталуына арналған шараға" шақырды. Жумин елшілікте түскен фотосын да жариялады.
"Киевке келген бойда елшілікке бардым. Сөйтсе, тура сол күні біздің Украинадағы елшіміз Дархан Қалетва өзінің дипломатиялық миссиясын аяқтады", - деп жазды Жумин.
Бірақ Дархан Қалетаевтың өзі елші қызметін аяқтағанын растаған жоқ.
"Асықпаңыз, мен әлі елшімін", - деді ол бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында.
Ал сыртқы істер министрлігі елшілер тек президенттің жарлығымен ғана қызметінен босатылатынын еске салды.
Қалетаев туралы не білеміз?
Дархан Қалетаев 1972 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, Мемлекеттік басқару ұлттық жоғары мектебін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1995 жылы бастаған. Қазақстан президенті әкімшілігінің, білім және мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрліктерінің құрылымында жұмыс істеген.
2007–2008 жылдары — президент әкімшілігі басшысының орынбасары;
2008–2009 жылдары — "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары;
2009–2016 жылдары – "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарушы директоры;
2016 жылдың қазан айында парламент сенатының депутаты болды.
2018 жылдың сәуірінен 2019 жылдың ақпанына дейін қоғамдық даму министрі қызметін атқарды. Одан кейін премьер-министрі кеңсесінің басшысы болып тағайындалды. Бір жылдың ішінде президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары және Қазақстанның Молдовадағы елшісі қызметін атқарды. Ал 2020 жылы Украинаға елші болып барды.