АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Пара пауэрлифтер Давид Дегтярев пен пара дзюдошы Ақмарал Науатбек Ханчжоуда өтіп жатқан Азия пара ойындарының алтын жүлдесіне ие болды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Ақмарал Науатбек
© Photo : Сайт столичного акимата
Дегтярев 54 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп,187 кг көтерді. Екінші орынды иеленген қытайлық Янг Yang Jinglang 185 кг, ал үшінші орында вьетнамдық спортшы An Nguyen 184 кг көтерді.
Ақмарал Науатбекпара дзюдодан J2 cанаты бойынша 48 келі салмақта жеңіске жетті. Ақтық сында ол Қытай спортшысы Ли Личиннен басым түсті.
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев спортшыларға жеңіс оңай келмегенін атап өтіп, чемпиондарды жарқын жеңісімен құттықтады.