Давид Дегтярев пен Ақмарал Науатбек IV Азия пара ойындарының чемпионы атанды

© Photo : Департамент по маркетингу и коммуникациям Национального Паралимпийского Комитета Республики КазахстанДавид Дегтярев
Давид Дегтярев - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2023
Жазылу
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев спортшыларға жеңіс оңай келмегенін атап өтіп, чемпиондарды жарқын жеңісімен құттықтады
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Пара пауэрлифтер Давид Дегтярев пен пара дзюдошы Ақмарал Науатбек Ханчжоуда өтіп жатқан Азия пара ойындарының алтын жүлдесіне ие болды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
© Photo : Сайт столичного акиматаАқмарал Науатбек
Акмарал Науатбек стала чемпионкой мира по пара дзюдо - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2023
Ақмарал Науатбек
Дегтярев 54 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп,187 кг көтерді. Екінші орынды иеленген қытайлық Янг Yang Jinglang 185 кг, ал үшінші орында вьетнамдық спортшы An Nguyen 184 кг көтерді.
Ақмарал Науатбекпара дзюдодан J2 cанаты бойынша 48 келі салмақта жеңіске жетті. Ақтық сында ол Қытай спортшысы Ли Личиннен басым түсті.
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев спортшыларға жеңіс оңай келмегенін атап өтіп, чемпиондарды жарқын жеңісімен құттықтады.
Жаңалықтар
0