АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Ақмола облысында қар жауып, отызға жуық жол апаты тіркелді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Өткен демалыс күндері патрульдік полиция батальоны мен рота нарядтары күшейтілген режимде жұмыс істеді. Ауа температурасының төмендеуі және жауған қар жолдағы жағдайды едәуір қиындатқан.
"Ауа райына байланысты Көкшетау-Атбасар, Көкшетау-Рузаевка, Петропавл-Астана автожолдарында шектеу енгізілді. Демалыс күндері өңірде 30-ға жуық жол апаты болып, салдарынан автокөліктерге механикалық зақым келді", - дейді тәртіп сақшылары.
Полиция жүргізушілерді көлікті қысқы кезеңге дайындауға шақырады.