ҚазАвтоЖол жүргізушілерге үндеу жасады

© Sputnik / Владислав ВодневВывеска на въезде в Нур-Султан
Вывеска на въезде в Нур-Султан - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2023
Жазылу
Күре жолдардағы ахуалды 1403 байланыс орталығы арқылы білуге болады
АСТАНА, 23 қазан - Sputnik. ҚазАвтоЖол күн райының күрт өзгеруіне байланысты жүргізушілерге үндеу жасады.
"Синоптиктердің ақпаратына сәйкес еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады. Осыған орай көлік жүргізушілерін ауа-райының өзгеруін мұқият қадағалап отыруға шақырамыз. Қалыптасқан ауа-райы жағдайын ескере отырып қашықтықты сақтап, жылдамдық режимін асырмау маңызды. Сырғанауды болдырмау үшін кенеттен маневр жасамаңыз. Жол белгілерін ескеріңіз", - делінген ұлттық комапния таратқан хабарламада.
Компания мәліметінше, республикалық маңызы бар күре жолдарда қысқы күтіп-ұстау жұмыстары басталды. Күре жолдардағы ахуалды 1403 байланыс орталығы арқылы немесе https://t.me/qazavtojol сілтемесі арқылы білуге болады.
Қазіргі уақытта республикалық күре жолдар ашық. Көлік қозғалысына енгізілген шектеу алынды.
Правительство - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.10.2023
Қазақстанда көлік салығы алынып тасталмайды – Қуантыров
Жаңалықтар
0