"Адам көп жиналатын жерлер бақылауға алынады": полицейлер күшейтілген режимге көшеді

24-26 қазан аралығында барлық жеке құрам қызмет атқарудың күшейтілген режиміне ауыстырылатын болады
Sputnik
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Ішкі істер министрлігі полицейлердің Республика күні қарсаңында күшейтілген режимге көшетінін хабарлады.
Әкімшілік полиция комитеті ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Айдын Оразбаевтың айтуынша, күшейтілген режим ертең, 24 қазаннан бастап барлық республика бойынша енгізіледі.
"24-26 қазан аралығында барлық жеке құрам қызмет атқарудың күшейтілген режиміне ауыстырылатын болады. Әкімдіктермен бірлесіп, мәдени-бұқаралық шаралар өтетін орындар белгіленді. Осы күндері қоғамдық тәртіпті сақтауға тартылған полиция қызметкерлері мен ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің саны 20 мыңға дейін көбейту көзделген. Полиция жасақтары адамдар көп жиналатын және демалатын жерлерге жақын жүреді. Сонымен қатар бұл орындар жедел басқару орталықтарының бейнебақылау камераларымен бақылауға алынады", - деді Оразбаев бүгінгі онлайн брифингте.
Оның сөзіне қарағанда, барлық жағдайды бақылау үшін министрлікте жедел штаб та құрылады. Ондай штабтар барлық өңірлерде ашылады.
ІІМ Республика күнінде митинг өткізуге шақырған үндеулер туралы айтты