https://sputnik.kz/20231017/iim-respublika-kuninde-miting-otkizuge-shaqyrgan-undeuler-turaly-aytty-39411939.html
ІІМ Республика күнінде митинг өткізуге шақырған үндеулер туралы айтты
ІІМ Республика күнінде митинг өткізуге шақырған үндеулер туралы айтты
Sputnik Қазақстан
Митинг өткізуге жол бермейміз 17.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-17T12:19+0500
2023-10-17T12:19+0500
2023-10-17T12:19+0500
митинг
республика
мереке
https://sputnik.kz/img/477/77/4777751_0:0:4128:2322_1920x0_80_0_0_a769363c15cf858fb8d374e80afe63c5.jpg
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері 25 қазан – Республика күні күшейтілген қызмет режиміне көшеді. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі."25 қазан – мемлекеттік мереке. Әрине, біз оған дайындаламыз. Біз күшейтілген қызмет режиміне көшеміз. Қазір әкімдіктерден сол күндері өткізілетін барлық іс-шара туралы ақпаратты сұратып жатырмыз. Біз қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеміз",- деді Лепеха үкіметте өткен брифингте.Ол әлеуметтік желіде 25 қазан күні көшеге митингке шығуға шақырып жатқан үндеулерге түсініктеме берді."ДВК (Қазақстанның демократиялық таңдауы) мүшелері жасап жатқан үндеулер бар. ДВК – ел аумағында қызметіне тыйым салынған экстремистік ұйым. Әрине, біз оларға митинг өткізуге жол бермейміз", - деді министр орынбасары.Ал митингті әкімдікпен келіскен азаматтарды ешкім ұстап әкетпейді."Егер митингтің орны мен мақсаты заңнамаға сәйкес келсе, әкімдіктер рұқсат береді. Рұқсат етілген шараларда біз тек қана күзетеміз. Тыйым салынған жерде, әрине, оған жол бермеу бойынша шаралар қабылдаймыз", - деді Лепеха.
https://sputnik.kz/20231011/astana-men-almaty-akimdikterine-25-qazanda-miting-otkizuge-otinish-tusken-zhoq-39290876.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/477/77/4777751_0:0:4128:3096_1920x0_80_0_0_118f4582905fef91d1287c37adf4de94.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
митинг, республика, мереке
митинг, республика, мереке
ІІМ Республика күнінде митинг өткізуге шақырған үндеулер туралы айтты
Митинг өткізуге жол бермейміз
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері 25 қазан – Республика күні күшейтілген қызмет режиміне көшеді. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"25 қазан – мемлекеттік мереке. Әрине, біз оған дайындаламыз. Біз күшейтілген қызмет режиміне көшеміз. Қазір әкімдіктерден сол күндері өткізілетін барлық іс-шара туралы ақпаратты сұратып жатырмыз. Біз қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеміз",- деді Лепеха үкіметте өткен брифингте.
Ол әлеуметтік желіде 25 қазан күні көшеге митингке шығуға шақырып жатқан үндеулерге түсініктеме берді.
"ДВК (Қазақстанның демократиялық таңдауы) мүшелері жасап жатқан үндеулер бар. ДВК – ел аумағында қызметіне тыйым салынған экстремистік ұйым. Әрине, біз оларға митинг өткізуге жол бермейміз", - деді министр орынбасары.
Ал митингті әкімдікпен келіскен азаматтарды ешкім ұстап әкетпейді.
"Егер митингтің орны мен мақсаты заңнамаға сәйкес келсе, әкімдіктер рұқсат береді. Рұқсат етілген шараларда біз тек қана күзетеміз. Тыйым салынған жерде, әрине, оған жол бермеу бойынша шаралар қабылдаймыз", - деді Лепеха.