Ақтауда балаларды бейімдеу орталығының директоры тергеуге алынды

Экс-директор өзінің туған-туыстары мен бұрынғы әріптестерін жұмысқа алып, жалақы төлеген. Бірақ біреуі де жұмысқа келмеген
Sputnik
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Ақтау қаласында кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының экс-директоры тергеуге алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, облыстық білім басқармасы арнайы комиссия құрып, мекемеде тексеріс жүргізген. Соның нәтижесінде заң бұзушылықтар анықталған. Орталық директоры бірден жұмыстан қуылды. Ал тексерістің материалдары прокуратура мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолданды. Қазіргі кезде тергеу шаралары басталды.
Басқарма тергеу себебін жариялаған жоқ. Алайда Lada.kz порталының редакциясына орталық қызметкерлерінің ұжымдық арызы түскен. Оған сәйкес, экс-директор өзінің туған-туыстары мен бұрынғы әріптестерін жұмысқа алып, жалақы төлеген. Бірақ біреуі де жұмысқа келмеген. Бұдан бөлек, басқа да заң бұзушылықтар бар.
Айта кетері, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы білім беру органдарына қарайды. Ол жерде жасөпірімдерді уақытша тәрбиелейді.
Астанада оқушы баспалдақтан құлап кетті: мектеп директоры қызметінен босатылды