https://sputnik.kz/20231022/aqtauda-balalardy-beyimdeu-ortalygynyn-direktory-tergeuge-alyndy-39563443.html
Ақтауда балаларды бейімдеу орталығының директоры тергеуге алынды
Ақтауда балаларды бейімдеу орталығының директоры тергеуге алынды
Sputnik Қазақстан
Экс-директор өзінің туған-туыстары мен бұрынғы әріптестерін жұмысқа алып, жалақы төлеген. Бірақ біреуі де жұмысқа келмеген 22.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-22T15:34+0500
2023-10-22T15:34+0500
2023-10-22T15:34+0500
тергеу
ақтау
https://sputnik.kz/img/07e4/09/0f/14965386_0:163:3065:1887_1920x0_80_0_0_2743cd4624635c850046076be1e91418.jpg
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Ақтау қаласында кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының экс-директоры тергеуге алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Ресми мәліметке сәйкес, облыстық білім басқармасы арнайы комиссия құрып, мекемеде тексеріс жүргізген. Соның нәтижесінде заң бұзушылықтар анықталған. Орталық директоры бірден жұмыстан қуылды. Ал тексерістің материалдары прокуратура мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолданды. Қазіргі кезде тергеу шаралары басталды.Басқарма тергеу себебін жариялаған жоқ. Алайда Lada.kz порталының редакциясына орталық қызметкерлерінің ұжымдық арызы түскен. Оған сәйкес, экс-директор өзінің туған-туыстары мен бұрынғы әріптестерін жұмысқа алып, жалақы төлеген. Бірақ біреуі де жұмысқа келмеген. Бұдан бөлек, басқа да заң бұзушылықтар бар.Айта кетері, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы білім беру органдарына қарайды. Ол жерде жасөпірімдерді уақытша тәрбиелейді.
https://sputnik.kz/20230925/astanada-oqushy-balabaqshadan-qulap-ketti-mektep-direktory-qyzmetinen-bosatyldy-38763341.html
ақтау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/0f/14965386_166:0:2897:2048_1920x0_80_0_0_fa3e44147d42acd286ef39503d6b2ce1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тергеу, ақтау
Ақтауда балаларды бейімдеу орталығының директоры тергеуге алынды
Экс-директор өзінің туған-туыстары мен бұрынғы әріптестерін жұмысқа алып, жалақы төлеген. Бірақ біреуі де жұмысқа келмеген
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Ақтау қаласында кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының экс-директоры тергеуге алынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Ресми мәліметке сәйкес, облыстық білім басқармасы арнайы комиссия құрып, мекемеде тексеріс жүргізген. Соның нәтижесінде заң бұзушылықтар анықталған. Орталық директоры бірден жұмыстан қуылды. Ал тексерістің материалдары прокуратура мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолданды. Қазіргі кезде тергеу шаралары басталды.
Басқарма тергеу себебін жариялаған жоқ. Алайда Lada.kz порталының редакциясына орталық қызметкерлерінің ұжымдық арызы түскен. Оған сәйкес, экс-директор өзінің туған-туыстары мен бұрынғы әріптестерін жұмысқа алып, жалақы төлеген. Бірақ біреуі де жұмысқа келмеген. Бұдан бөлек, басқа да заң бұзушылықтар бар.
Айта кетері, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы білім беру органдарына қарайды. Ол жерде жасөпірімдерді уақытша тәрбиелейді.