Елорда тынысы

Республика күні: Астана көшелері мен ғимараттарына 1000-нан астам ту ілінді

Қазақстанның туы "Менің елім – менің туым!" челленджі аясында тұрғын үйлердің балкондарына да ілінген
Sputnik
АСТАНА, 21 қазан - Sputnik. Елорда тұрғындары Республика күніне орай ұйымдастырылған "Менің елім – менің туым!" челленджін өткізді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Астананың 5 ауданында терезелер мен балкондарға және көше бойына 1000-ға жуық ту ілінді.
Еріктілердің айтуынша, патриоттық шара жыл сайын өткізіледі. Бұл тек безендірілген үйлердің тұрғындарының ғана емес, елорда көшелерімен өтіп бара жатқан адамдарға да қуаныш сыйлайды. Астаналықтар бұл бастаманы жылы қабылдап, акцияға қосылды.
"Мұндай көрініс ерекше әсер береді. Жұмысқа бара жатқанда осы көрініске көз жүгіртіп, көңіл күйім көтеріліп қалды. Менің ойымша, адамдарды күнделікті күйбең тірліктен алшақтатып, ойын бөлу керек", – деп ойымен бөлісті Астана тұрғыны Тамара Суворина.
Айта кетейік, қаланың орталық көшелерінде (Тәуелсіздік, Б.Момышұлы даңғылдары, Сарайшық, Сығанақ, Достық көшелері, Республика, Ұлы дала даңғылдары және т.б.), жол бойында Қазақстан тулары ілінген.
Жалпы Астана қаласы бойынша мыңнан астам ту ілінді. Акция жалғасуда.