https://sputnik.kz/20231021/respublika-kuni-astana-kosheleri-men-gimarattaryna-1000-nan-astam-tu-ilindi-39558435.html
Республика күні: Астана көшелері мен ғимараттарына 1000-нан астам ту ілінді
Республика күні: Астана көшелері мен ғимараттарына 1000-нан астам ту ілінді
Sputnik Қазақстан
Қазақстанның туы "Менің елім – менің туым!" челленджі аясында тұрғын үйлердің балкондарына да ілінген 21.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-21T19:39+0500
2023-10-21T19:39+0500
2023-10-21T19:39+0500
елорда тынысы
астана
мемлекеттік ту
республика
мереке
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/15/39557386_0:56:1081:664_1920x0_80_0_0_99194ea64a8aee46d13d7c9347371ef0.jpg
АСТАНА, 21 қазан - Sputnik. Елорда тұрғындары Республика күніне орай ұйымдастырылған "Менің елім – менің туым!" челленджін өткізді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.Астананың 5 ауданында терезелер мен балкондарға және көше бойына 1000-ға жуық ту ілінді.Еріктілердің айтуынша, патриоттық шара жыл сайын өткізіледі. Бұл тек безендірілген үйлердің тұрғындарының ғана емес, елорда көшелерімен өтіп бара жатқан адамдарға да қуаныш сыйлайды. Астаналықтар бұл бастаманы жылы қабылдап, акцияға қосылды.Айта кетейік, қаланың орталық көшелерінде (Тәуелсіздік, Б.Момышұлы даңғылдары, Сарайшық, Сығанақ, Достық көшелері, Республика, Ұлы дала даңғылдары және т.б.), жол бойында Қазақстан тулары ілінген.Жалпы Астана қаласы бойынша мыңнан астам ту ілінді. Акция жалғасуда.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/15/39557386_61:0:1021:720_1920x0_80_0_0_77606a33d03b20dca4b53831ba769be9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, мемлекеттік ту, республика, мереке
астана, мемлекеттік ту, республика, мереке
Республика күні: Астана көшелері мен ғимараттарына 1000-нан астам ту ілінді
Қазақстанның туы "Менің елім – менің туым!" челленджі аясында тұрғын үйлердің балкондарына да ілінген
АСТАНА, 21 қазан - Sputnik. Елорда тұрғындары Республика күніне орай ұйымдастырылған "Менің елім – менің туым!" челленджін өткізді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Астананың 5 ауданында терезелер мен балкондарға және көше бойына 1000-ға жуық ту ілінді.
Еріктілердің айтуынша, патриоттық шара жыл сайын өткізіледі. Бұл тек безендірілген үйлердің тұрғындарының ғана емес, елорда көшелерімен өтіп бара жатқан адамдарға да қуаныш сыйлайды. Астаналықтар бұл бастаманы жылы қабылдап, акцияға қосылды.
"Мұндай көрініс ерекше әсер береді. Жұмысқа бара жатқанда осы көрініске көз жүгіртіп, көңіл күйім көтеріліп қалды. Менің ойымша, адамдарды күнделікті күйбең тірліктен алшақтатып, ойын бөлу керек", – деп ойымен бөлісті Астана тұрғыны Тамара Суворина.
Айта кетейік, қаланың орталық көшелерінде (Тәуелсіздік, Б.Момышұлы даңғылдары, Сарайшық, Сығанақ, Достық көшелері, Республика, Ұлы дала даңғылдары және т.б.), жол бойында Қазақстан тулары ілінген.
Жалпы Астана қаласы бойынша мыңнан астам ту ілінді. Акция жалғасуда.