АСТАНА, 20 қазан - Sputnik. "Байқоңыр" кешенінде қызылша ауруына байланысты эпидемиологиялық жағдай нашарлады, деп хабарлады Байқоңыр қаласы әкімшілігінің баспасөз қызметі.
"Қазақстанда жыл басынан бері тіркелген қызылша ауруының саны 7 мыңнан асты. Қазақстан Республикасында қызылша бойынша қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай (жақын маңдағы кенттерді қоса алғанда) "Байқоңыр" кешенінде де нашарлаған", - делінген хабарламада.
Қаланың ведомствоаралық санитарлық-эпидемияға қарсы комиссиясының мүшелері қызылшаға қарсы вакцинация жұмыстарын күшейту туралы шешім қабылдады.
Ғарыш айлағы мен аттас қаланы қамтитын Байқоңыр кешені Ресейге 20 жылға жалға берілді. "Байқоңыр" кешенін жалға алу кезеңінде елді мекен федералды маңызы бар қалаға сәйкес мәртебеге ие, объектілердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіз жұмыс істеуінің ерекше режимі бар.