Тоқаев, Путин мен Мирзиёев бейресми кездесу өткізді

Үш елдің президенттері Қытай астанасына "Бір белдеу – бір жол" форумына қатысу үшін барды
Sputnik
АСТАНА, 18 қазан – Sputnik. Қазақстан, Ресей мен Өзбекстанның басшылары Бейжіңде бейресми кездесу өткізді. Бұл туралы РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Үш елдің президенттері Қытай астанасына "Бір белдеу – бір жол" форумына қатысу үшін барды. Соның аясында бейресми кездесу өткізді.
"Ресей, Қазақстан мен Өзбекстанның басшылары Бейжіңдегі ресми жұмыс байланыстарын аяқтағаннан кейін бейресми кездесу өткізіп, ағымдағы мәселелерді, соның ішінде бірнеше күн бұрын Бішкекте болған әңгімелерді дамыту жайын талқылауды жалғастырды", - деді Песков.
Айта кетері, бұған дейін Тоқаев, Путин мен Мирзиёев Мәскеуде кездескен. Сол кезде ресейлік газды Қазақстан арқылы Өзбекстанға жөнелту рәсімі өтті. Одан кейін үш елдің басшысы Бішкекте ТМД елдері басшыларының саммитінде кездесті.
Тоқаев Қытай төрағасымен өте табысты келіссөз жүргізгенін айтты