Тоқаев Қытай төрағасымен өте табысты келіссөз жүргізгенін айтты

© PhotoПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Цянмен кездесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Цянмен кездесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2023
Жазылу
Көпжақты қазақ-қытай қатынасын одан әрі нығайту үшін нақты уағдаластықтарға қол жеткізілді
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Цянмен кездесті, деп хабарлады Ақорда.
Қазақстан президенті Қытайдың қарқынды әлеуметтік-экономикалық дамуын ерекше ықыласпен бақылап отырғанын атап өтті.
"ҚХР үкіметі әлемді тұрақсыздық жайлап тұрған қазіргі кезеңде экономиканың орнықтылығын қамтамасыз етуге қатысты маңызды мәселені тиімді шешіп отыр. Қытайдың жаһандық экономиканың орнықты дамуына қосқан елеулі үлесін жоғары бағалаймыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ол Қазақстан Қытаймен достық, тату көршілік қарым-қатынасты және жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықты нығайтуға қашанда ерекше мән беретінін атап өтті.
"Қазақстан ҚХР-дың сенімді стратегиялық серіктесі әрі тату көршісі болды келді және келешекте де солай болып қала береді. Бүгінде қазақ-қытай қатынасы қарқынды дамып жатыр. Бұған жоғары деңгейдегі белсенді саяси диалог, сондай-ақ екі ел үкіметтерінің үйлесімді жұмысы ықпал етуде", – деді президент.

Мемлекет басшысы бүгін ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен өте табысты келіссөз жүргізгенін айтты. Көпжақты қазақ-қытай қатынасын одан әрі нығайту үшін нақты уағдаластықтарға қол жеткізілді.

"Сапарымның аясында бүгін үкімет деңгейіндегі 9 құжатқа, екі елдің бизнес және басқа да құрылымдарымен 20-дан астам келісімге қол қойылды. Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы аясында визасыз режимге және Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамытуға, сондай-ақ энергетика саласындағы өзара ықпалдастығымызға қатысты келісімдердің маңызы зор екенін атап өткім келеді", – деді президент.
Жаңалықтар
0