Қазақстанда көлік салығы алынып тасталмайды – Қуантыров

Бұған дейін "эконом" класқа жататын автокөліктер үшін көлік салығын алып тастау ұсынылған еді
Sputnik
АСТАНА, 18 қазан – Sputnik. Қазақстанда көлік салығы қалады. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Көлік салығы талқыланып жатқан жоқ. Ол қалады", - деді министр мәжіліс кулуарында журналистер сұрағына жауап беріп.
Бұған дейін ұлттық экономика министрлігі кейбір автокөлік иелерін көлік салығынан босатуды ұсынды.
Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин көлік салығын бензин акцизінің құнына ауыстыру нұсқасы талқыланып жатқанын мәлімдеген болатын. Көлік салығын қозғалтқыш көлемі 3,5-4 литрге дейінгі автомобильдер үшін алып тастау көзделген еді.
Қоғам
Бір миллионнан астам қазақстандықтың мүлік пен көлік салығы бойынша берешегі бар