Қыз алып қашқаны үшін жаза қатаңдатыла ма

Ол қазіргі таңда заңнамада "Бас бостандығынан заңсыз айыру" бабы бар екенін атап өтті
Sputnik
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха қыз алып қашқаны үшін жазаны қатаңдатуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
4 тамызда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қыз алып қашуды қылмыс санатына жатқызуды ұсынған болатын.
Лепеха омбудсменнің бастамасынан хабардар екенін айтты.
"Мен бұл бастаманы білемін, егер қазір оны мәжілісте талқыласа, біз бұған қуана қатысамыз. Мәселе өзекті, халықаралық ұйымдардың барлық баяндамасында осы мәселе дау туғызады. Олар бұл дәстүрді құптамайды және мұны түсінбейді. Менталитетті ескеріп, осы мәселені шешуге болатын шығар. Себебі шынымен де салт-дәстүрді жамылып, азаматтардың конституциялық құқығын бұзып жатады", - деді ішкі істер министрінің орынбасары үкіметте өткен брифингте.
Ол қазіргі таңда заңнамада "Бас бостандығынан заңсыз айыру" бабы бар екенін атап өтті.
Әлем
Айзаданың өлімі: қыз алып қашуға қатысқан жігіттің бірі оқиғаның мән-жайын айтып берді