АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпиннің келіссөзі нәтижесінде екі елдің делегация мүшелері бірқатар құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Олардың қатарында:
1.
Қазақстан Республикасы стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі мен Қытай Халық Республикасы даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитеті арасындағы экономикалық даму саласындағы алмасу және ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;2.
Қазақстан Республикасы үкіметі мен Қытай Халық Республикасы үкіметі арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытын, оның ішінде Қытай-Еуропа қатынасындағы контейнерлік пойыздар үшін дамыту жөніндегі келісім;3.
Қазақстан Республикасы көлік министрлігі мен Қытай Халық Республикасы даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитеті арасындағы "Тачэн – Аягөз" теміржолын салу жобасы бойынша ынтымақтастықты бірлесіп дамыту жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;4.
Қазақстан Республикасы үкіметі мен Қытай Халық Республикасы үкіметі арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту жөніндегі келісім;5.
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қытай Халық Республикасы бас кеден басқармасы арасындағы Қазақстан Республикасынан Қытай Халық Республикасына рапсты экспорттау кезіндегі фитосанитариялық талаптар туралы хаттама бар.