Үсік, жаңбыр, жел: синоптиктер 17 қазандағы ауа райын болжады

Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында 1-3 градусқа дейін үсік жүреді
Sputnik
АЛМАТЫ, 16 қазан - Sputnik. Қазгидромет 17 қазанда болатын ауа райына болжам жасады.
Синоптиктердің болжамынша елдің басым бөлігі кең ауқымды антициклон анықтайтын болады. Сондықтан ауа-райы ашық, жауын-шашынсыз болады.
Тек елдің батысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады. Еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында жел күшейеді. Республика бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.
Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында 1-3 градусқа дейін үсік жүреді.
Қазақстандағы қолайсыз ауа райы салдарынан Өзбекстанда ұн қымбаттады