https://sputnik.kz/20230918/qazaqstandagy-qolaysyz-aua-rayy-saldarynan-ozbekstanda-un-qymbattady-38558220.html
Қазақстандағы қолайсыз ауа райы салдарынан Өзбекстанда ұн қымбаттады
Қазақстандағы қолайсыз ауа райы салдарынан Өзбекстанда ұн қымбаттады
Sputnik Қазақстан
Өзбекстан ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанда егін жиналғаннан кейін баға тұрақталады дейді 18.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-18T19:28+0500
2023-09-18T19:28+0500
2023-09-18T19:28+0500
ұн
астық
өзбекстан
https://sputnik.kz/img/07e6/06/02/25247505_0:159:3077:1890_1920x0_80_0_0_8592903e48a2b8fb5a59fefb215beacf.jpg
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Өзбекстанда Қазақстан мен Ресей Федерациясынан импортталған ұнның бағасы 1,6 есе өсті. Бұл ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанда астық жинаудың кешігуінен болды, деп хабарлады РИА Новостиге Өзбекстан ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі.Оның айтуынша, жақын арада жергілікті нарықтағы жағдай тұрақталады.Өткен аптада қазақстандық министрлер кабинетінің баспасөз қызметі еліміздің негізгі астық егетін өңірлері – Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында ұзақ уақыт жауын-шашын мен болжамды аяз салдарынан жаңа орылатын астық сапасының нашарлауы, оның өнуі және жоғары ылғалдылық қаупі жоғары екенін айтқан болатын.Осыған байланысты Өзбекстанда қазақстандық және ресейлік ұнның құны соңғы аптада 1,6 есе, яғни килограмына 8,4 мың сумға (0,68 доллар) дейін өсті.Оның айтуынша, Қазақстанның ішкі нарығында да ұн бағасы өсті, өйткені жаңа өнім жиналғанға дейін қоймаларда қалған өнім азайған.Ауа райының қолайсыздығын ұн бағасын көтерген ресейлік трейдерлер де пайдаланды, дейді агенттік өкілі.Ауыл шаруашылығы министрлігі бағаның қымбаттауы маусымдық сипатқа ие екенін айтады. Мұндай өткен жылдың дәл осы кезеңінде де болған. Оның айтуынша, 20 күн ішінде ұн бағасы тұрақталып қана қоймай, тіпті арзандаған.Қазақстанның астық егетін негізгі өңірлерінде егін жинау науқанына ауа райының қолайсыздығы кедергі келтіргені бұған дейін де айтылған болатын. Солтүстік өңірлердегі қолайсыз жағдайға байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке астық өндірумен айналысатын фермерлік және шаруа қожалықтарына қаржылай және өзге де қажетті көмек көрсетуді тапсырды.
өзбекстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/02/25247505_173:0:2904:2048_1920x0_80_0_0_2d0484a7815fd76ffc2b0bff4eb9e187.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұн, астық, өзбекстан
Қазақстандағы қолайсыз ауа райы салдарынан Өзбекстанда ұн қымбаттады
Өзбекстан ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанда егін жиналғаннан кейін баға тұрақталады дейді
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Өзбекстанда Қазақстан мен Ресей Федерациясынан импортталған ұнның бағасы 1,6 есе өсті. Бұл ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанда астық жинаудың кешігуінен болды, деп хабарлады
РИА Новостиге Өзбекстан ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі.
Оның айтуынша, жақын арада жергілікті нарықтағы жағдай тұрақталады.
Өткен аптада қазақстандық министрлер кабинетінің баспасөз қызметі еліміздің негізгі астық егетін өңірлері – Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында ұзақ уақыт жауын-шашын мен болжамды аяз салдарынан жаңа орылатын астық сапасының нашарлауы, оның өнуі және жоғары ылғалдылық қаупі жоғары екенін айтқан болатын.
Осыған байланысты Өзбекстанда қазақстандық және ресейлік ұнның құны соңғы аптада 1,6 есе, яғни килограмына 8,4 мың сумға (0,68 доллар) дейін өсті.
"Қазақстанда егін жиналғаннан кейін баға тұрақталады деп болжап отырмыз. Бұл күндері ауа райының қолайсыздығына байланысты егін жинау кешіктіріліп жатыр", - деді ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі.
Оның айтуынша, Қазақстанның ішкі нарығында да ұн бағасы өсті, өйткені жаңа өнім жиналғанға дейін қоймаларда қалған өнім азайған.
Ауа райының қолайсыздығын ұн бағасын көтерген ресейлік трейдерлер де пайдаланды, дейді агенттік өкілі.
Ауыл шаруашылығы министрлігі бағаның қымбаттауы маусымдық сипатқа ие екенін айтады. Мұндай өткен жылдың дәл осы кезеңінде де болған. Оның айтуынша, 20 күн ішінде ұн бағасы тұрақталып қана қоймай, тіпті арзандаған.
Қазақстанның астық егетін негізгі өңірлерінде егін жинау науқанына ауа райының қолайсыздығы кедергі келтіргені бұған дейін де айтылған болатын. Солтүстік өңірлердегі қолайсыз жағдайға байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке астық өндірумен айналысатын фермерлік және шаруа қожалықтарына қаржылай және өзге де қажетті көмек көрсетуді тапсырды.