Өңірлер

Қостанайда балабақшадан өрт шықты – фото

Құтқарушылар келгенге дейін 30 бүлдіршін мен 18 қызметкер өз бетінше сыртқа шығып үлгерген
Sputnik
АСТАНА, 16 қазан – Sputnik. Қостанай қаласында балабақшадан өрт шығып, құтқарушылар 121 баланы эвакуациялады, ал 30 бүлдіршін өз бетінше шыққан.
Қостанай облыстық ТЖД ақпаратынша, оқиға 16 қазан күндіз сағат 12:27-де №4 балабақшада болды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 12:34-те жеткен.
Қостанайда балабақшадан өрт шықты
Анықталғандай, бірінші қабаттағы музыка сыныбында сахнаның ағаштан және қағаздан жасалған декорациялары, терезенің ағаш жақтауы және техника жанған. Ыстықтан бөлменің керме төбесі балқып кеткен.
Қостанайда балабақшадан өрт шықты
Өрт сөндірушілер 121 бала мен 14 қызметкерді ғимараттан эвакуациялады. Құтқарушылар келгенге дейін персоналдың бір бөлігі – 18 қызметкер және 30 бала өз бетінше шығып үлгерген.
Тілсіз жау сағат 12:57-де сөндірілді.
"Балалардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ және медициналық көмекті қажет етпеді", - деп атап өтті ТЖ департаменті.
Өртті сөндіруге жеке құрамның 41 адамы мен 8 техника жұмылдырылған.
Шахтинск қаласында балабақшадан 105 бүлдіршін эвакуацияланды