Шахтинск қаласында балабақшадан 105 бүлдіршін эвакуацияланды

© Photo : Esi GrünhagenБала ойнап отыр
Бала ойнап отыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.09.2023
Жазылу
Өртке электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін
АЛМАТЫ, 21 қыркүйек – Sputnik. Қарағанды облысы Шахтинск қаласында балабақшадан 132 адам эвакуацияланды, оның 105-і бала, дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
20 қыркүйек күні Шахтинск қаласы Калинина көшесінде 2 қабатты "Гүлдер" бөбекжай-бақша ғимаратында өрт шықты. Балабақшаның 1-қабатындағы музыка кабинеті өртенген. Тілсіз жау 10 шаршы метрге жайылған.
"Жиһаз, кеңсе техникасы, музыкалық аппаратура және жылытқыш жанды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша өртке электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін", - дейді ведомство.
ТЖ департаменті өрттің алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертті.
Балабақша - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2022
Қоғам
Балабақшаларға қойылатын талаптар күшейтіледі - министр
Жаңалықтар
0