АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіби боксшы Жәнібек Әлімханұлын WBO және IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін германиялық Винченцо Гуальтьеримен өткен жекпе-жектегі жарқын жеңісімен құттықтады.
"Жәнібек қазақ бокс мектебінің жоғары деңгейі мен мықтылығын әлемге тағы да паш етті. Бұл жеңіс бокспен айналысатын жастарды биік белестерді бағындыруға ынталандырады. Сізге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін. Жеңістен жеңіске жете беріңіз!" - деп жазды мемлекет басшысы Twitter парақшасында.
Естеріңізге сала кетсек, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-та өткен жекпе-жекте қарсыласы Винченцо Гуальтьериді алтыншы раундта нокаутпен жеңді.