Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын алтыншы раундта нокаутқа түсірді

© AFP 2024 / YURI CORTEZБоксер Жанибек Алимханулы
Боксер Жанибек Алимханулы - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.10.2023
Жазылу
Жәнібек Әлімханұлы WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулына IBF белбеуін қосты
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-та өткен жекпе-жекте қарсыласын нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Sports.kz.

Жәнібек Әлімханұлы WBO және IBF тұжырымы бойынша екі чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасты. Германиялық боксшы Винченцо Гуальтьеримен жекпе-жек он екі раундқа есептелген еді. Бірақ қазақстандық боксшы қарсыласын алтыншы раундта техникалық нокаутпен жеңді.
Осылайша Жәнібек Әлімханұлы он бесінші жеңісіне қол жеткізіп, WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулына IBF белбеуін қосты.
Винченцо Гуальтьери алғаш рет жеңіліп, белбеуінен айырылды.
Жаңалықтар
0