АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Астанаға бұл жолы тауарларын Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары әкелді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қала тұрғындары кезекті жәрмеңкеге таңертеңнен бастап ағылып келе бастады. Мұнда ет, сүт өнімдері, көкөністер мен жемістерді арзан бағада сатып алуға болады.
Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр
© Астана қаласының әкімідігі
"Бүгін жәрмеңкеге алғаш рет келіп тұрмын. Мұнда Катонқарағайдың танымал балын алғым келді, одан бөлек жұмыртқа, сүзбе және қаймақ сатып алдым. Ертең тағы да келемін, өйткені бүгін бәрін көтеріп әкету қиын", – дейді елорда тұрғыны Светлана Алексеева.
Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр
© Астана қаласының әкімідігі
Екі өңірдің шаруалары елорда тұрғындары үшін түрлі өнімдерін жеткізді. Оның ішінде: 49,2 тонна бал, 2 тонна шұжық өнімдері, 8 тонна сүт өнімдері, 16 тонна өсімдік майы, 3 тонна ұн мен жарма, 9 тонна балық, 29,8 тонна мал, құс еті, 4 тонна қымыз және ұлттық өнімдер, 700 литр алкогольсіз сусындар және басқалар.
Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр
© Астана қаласының әкімідігі
Жәрмеңке дәстүрлі түрде сенбі және жексенбі күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін Тәуелсіздік даңғылы, 50 мекенжайындағы Шабыт университеті ғимаратының жанындағы алаңда өтеді.