https://sputnik.kz/20231014/astanada-auyl-sharuashylygy-zharmenkesi-otip-zhatyr-39359363.html
Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр
Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Астанаға бұл жолы тауарларын Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары әкелді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми... 14.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-14T13:50+0500
2023-10-14T13:50+0500
2023-10-14T13:50+0500
астана
жәрмеңке
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/0e/39357978_0:57:1079:664_1920x0_80_0_0_495c21d411bc0926a1f8c265ee0d9328.jpg
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Астанаға бұл жолы тауарларын Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары әкелді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Қала тұрғындары кезекті жәрмеңкеге таңертеңнен бастап ағылып келе бастады. Мұнда ет, сүт өнімдері, көкөністер мен жемістерді арзан бағада сатып алуға болады."Бүгін жәрмеңкеге алғаш рет келіп тұрмын. Мұнда Катонқарағайдың танымал балын алғым келді, одан бөлек жұмыртқа, сүзбе және қаймақ сатып алдым. Ертең тағы да келемін, өйткені бүгін бәрін көтеріп әкету қиын", – дейді елорда тұрғыны Светлана Алексеева.Екі өңірдің шаруалары елорда тұрғындары үшін түрлі өнімдерін жеткізді. Оның ішінде: 49,2 тонна бал, 2 тонна шұжық өнімдері, 8 тонна сүт өнімдері, 16 тонна өсімдік майы, 3 тонна ұн мен жарма, 9 тонна балық, 29,8 тонна мал, құс еті, 4 тонна қымыз және ұлттық өнімдер, 700 литр алкогольсіз сусындар және басқалар.Жәрмеңке дәстүрлі түрде сенбі және жексенбі күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін Тәуелсіздік даңғылы, 50 мекенжайындағы Шабыт университеті ғимаратының жанындағы алаңда өтеді.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/0e/39357978_60:0:1020:720_1920x0_80_0_0_c3b2ba2bc7be4b329e74c6630d506fd6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, жәрмеңке
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Астанаға бұл жолы тауарларын Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары әкелді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қала тұрғындары кезекті жәрмеңкеге таңертеңнен бастап ағылып келе бастады. Мұнда ет, сүт өнімдері, көкөністер мен жемістерді арзан бағада сатып алуға болады.
"Бүгін жәрмеңкеге алғаш рет келіп тұрмын. Мұнда Катонқарағайдың танымал балын алғым келді, одан бөлек жұмыртқа, сүзбе және қаймақ сатып алдым. Ертең тағы да келемін, өйткені бүгін бәрін көтеріп әкету қиын", – дейді елорда тұрғыны Светлана Алексеева.
Екі өңірдің шаруалары елорда тұрғындары үшін түрлі өнімдерін жеткізді. Оның ішінде: 49,2 тонна бал, 2 тонна шұжық өнімдері, 8 тонна сүт өнімдері, 16 тонна өсімдік майы, 3 тонна ұн мен жарма, 9 тонна балық, 29,8 тонна мал, құс еті, 4 тонна қымыз және ұлттық өнімдер, 700 литр алкогольсіз сусындар және басқалар.
Жәрмеңке дәстүрлі түрде сенбі және жексенбі күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін Тәуелсіздік даңғылы, 50 мекенжайындағы Шабыт университеті ғимаратының жанындағы алаңда өтеді.