Жоғарғы соттың үш судьясы отставкаға кетті

Сенаторлар қаулыны ашық дауыс беру арқылы қабылдады
Sputnik
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Сенат Жоғары соттың үш судьясын қызметінен босатты, хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Судьялар Сембек Баймаханов, Ұлболсын Сүлейменова мен Өмірбай Ыбыраев зейнет жасына толған. Сенат қаулысына сәйкес, олар отставкаға жіберілді.
Сенаторлар қаулыны ашық дауыс беру арқылы қабылдады.
Айта кетері, Жоғарғы сот судьялары президенттің ұсынысымен қызметінен босатылады. Ал сенат тиісті қаулыны қабылдайды.
Халық министр мен әкімнің отставкасын петиция арқылы талап ете ала ма – министрлік жауабы