https://sputnik.kz/20230921/khalyq-ministr-men-akimnin-otstavkasyn-petitsiya-arqyly-talap-ete-ala-ma--ministrlik-zhauaby-38644255.html
Халық министр мен әкімнің отставкасын петиция арқылы талап ете ала ма – министрлік жауабы
Халық министр мен әкімнің отставкасын петиция арқылы талап ете ала ма – министрлік жауабы
Sputnik Қазақстан
Сенатта қоғамдық бақылау туралы заң мақұлданды 21.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-21T10:59+0500
2023-09-21T10:59+0500
2023-09-21T11:04+0500
петиция
сенат
заң жобасы
https://sputnik.kz/img/921/94/9219437_0:0:1921:1080_1920x0_80_0_0_0c6ba21eb5f433d8408530a3e258ea38.jpg
АСТАНА, 21 қыркүйек - Sputnik. Қоғамдық бақылауға арналған заң бойынша петиция арқылы президент және сенат тағайындайтын лауазымды тұлғалардың отставкасын талап етуге болмайды. Бұл туралы мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров мәлімдеді, хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгін сенатта қоғамдық бақылау туралы заң мақұлданды. Оған сәйкес, барлық метиция eOtinish порталында жарияланады. Ал мәдениет және ақпарат министрлігі модерация жүргізеді, яғни, әрбір петицияның заң талабына сәйкестігін тексереді. Ішінде президент пен сенат тағайындайтын лауазымды тұлағаларды отставкаға жіберу талабы болса, ондай петиция жарияланбайды.Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыровтың айтуынша, қазіргі кезде халық онсыз да ауыл әкімдерін өздері сайлайды. Ал президент тағайындайтын әкімдер мен министрлер алдымен парламенттің келісімін алады. Депутаттарды халық сайлайды. Осылайша, азаматтар лауазымды тұлғалардың тағайындалуына жанама түрде әсер етеді. Сондықтан петицияда президент пен сенат тағайындайтын лауазымды тұлғаларды қызметінен алуға талап қоя алмайды.Оның айтуынша, лауазымды тұлғаларға әсер етуді басқа да шаралары бар. Мәселен, сайлау туралы заң бойынша сенімсіздік білдіріп, мандатты қайтаруға болады.
https://sputnik.kz/20230921/qazaqstanda-petitsiya-zhiberu-tartibi-bekitildi--zan-prezidentke-zhiberildi-38641703.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/921/94/9219437_0:0:1707:1280_1920x0_80_0_0_ab064f776a1cc3b9f37d1b13a14a5ef0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
петиция, сенат, заң жобасы
петиция, сенат, заң жобасы
Халық министр мен әкімнің отставкасын петиция арқылы талап ете ала ма – министрлік жауабы
10:59 21.09.2023 (жаңартылды: 11:04 21.09.2023) Сенатта қоғамдық бақылау туралы заң мақұлданды
АСТАНА, 21 қыркүйек - Sputnik. Қоғамдық бақылауға арналған заң бойынша петиция арқылы президент және сенат тағайындайтын лауазымды тұлғалардың отставкасын талап етуге болмайды. Бұл туралы мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров мәлімдеді, хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін сенатта қоғамдық бақылау туралы заң мақұлданды. Оған сәйкес, барлық метиция eOtinish порталында жарияланады. Ал мәдениет және ақпарат министрлігі модерация жүргізеді, яғни, әрбір петицияның заң талабына сәйкестігін тексереді. Ішінде президент пен сенат тағайындайтын лауазымды тұлағаларды отставкаға жіберу талабы болса, ондай петиция жарияланбайды.
Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыровтың айтуынша, қазіргі кезде халық онсыз да ауыл әкімдерін өздері сайлайды. Ал президент тағайындайтын әкімдер мен министрлер алдымен парламенттің келісімін алады. Депутаттарды халық сайлайды. Осылайша, азаматтар лауазымды тұлғалардың тағайындалуына жанама түрде әсер етеді. Сондықтан петицияда президент пен сенат тағайындайтын лауазымды тұлғаларды қызметінен алуға талап қоя алмайды.
“Заңда нақты жазылған. Болмайды. Себебі конституциялық заң бар. Онда президент, үкімет пен парламенттің екі палатасының құқықтары жазылған. Ал басқа жағдайларда петиция беруге болады. Бірақ президент, үкімет пен парламенттің қарауына кіретін лауазымдар бойынша петиция беруге болмайды”, - деді Қадыров сенатта өткен брифингте.
Оның айтуынша, лауазымды тұлғаларға әсер етуді басқа да шаралары бар. Мәселен, сайлау туралы заң бойынша сенімсіздік білдіріп, мандатты қайтаруға болады.