Қазақстандық оқушылар робототехникадан өткен чемпионатта рекорд орнатты

Қазақстан құрамасы республикалық жарыстарға қатысқан 200 оқушының ішінен іріктелген
Sputnik
АСТАНА, 11 қазан - Sputnik. Қазақстандық оқушылар Сингапурда өткен FIRST Global Challenge робототехникадан ең ауқымды чемпионатта рекордтық нәтижелерге қол жеткізді, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.
"Осы жеңісі арқылы ұлттық құрама өткен жылы Женевада алған чемпиондық атағын тағы бір мәрте растады", - деп атап өтті ведомство.
USTEM Foundation қоғамдық қорының жетекшісі Асылбек Мырзахметовиің айтуынша, Сингапурға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 200 оқушының ішінен ұлттық кезеңде іріктелген мықты команда жіберілген.
"Біздің команданың алдында өткен жылғы Женевадағы тарихи жеңісті қайталау міндеті тұрды. Оқушылар ол міндетті ойдағыдай орындады, ұпай саны бойынша әлемдік рекорд орнатты. Бұдан басқа, командамыз халықаралық ынтымақтастық үшін төрешілердің марапаттарына ие болды, бұл – біз үшін үлкен мақтаныш", - деп атап өтті ол.
Мырзахметовтің айтуынша, Қазақстандағы робототехника жыл сайын халықаралық брендке айналып келеді.
FIRST Global Challenge – жыл сайын әртүрлі елдерде өтетін олимпиадалық үлгідегі дүниежүзілік робототехника чемпионаты. Осы жылғы чемпионатқа әлемнің түкпір-түкпірінен 190-нан астам ел қатысты.
Алматылық оқушылар АҚШ-та робототехникадан үздік ондыққа кірді