Алматылық оқушылар АҚШ-та робототехникадан үздік ондыққа кірді

© Photo : Предоставлено АО "НК "Казахстан инжиниринг"Архивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.05.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 3 мамыр – Sputnik. АҚШ-тағы робототехника бойынша әлем чемпионатында Алматы қаласының құрама командасы үздік ондыққа кірді, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
1737 K Urei командасының оқушылары Vex Spin Up санатында өткен 10 іріктеу матчының 9-да жеңіске жеткен. Олар өз дивизионындағы 80 команда арасында 9-орынды иеленді.
Жарыс Даллас қаласында (АҚШ) 25 сәуірден бастап 4 мамырға дейін жалғасады. Vex Spin Up санатына 6-12 сыныптардан жасақталған 11 500 команда қатысып жатыр. Бұған қоса, Алматы қаласының тағы екі командасы: 1737d Dream ON және 1737Y Blue Ribbon ширек финалға шықты.
Жаңалықтар
0