АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Қазақстанда букмекерлік кеңселердің жарнамасына шектеу қойылуы мүмкін. Бұл туралы вице-премьер Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Халықаралық практикада букмекерлік кеңселердің жарнамасы тікелей спорт шаралары өтетін ғимаратта, спорт киім-кешегі мен жабдығында, спорттық телеарналарда және сол кеңселерде көрсетіледі. Біз де осы халықаралық тәжірибеге сүйеніп, осындай ұсыныс енгізіп отырмыз. Депутаттардан да осындай ұсыныс түсті", - деді Дүйсенова мәжіліс кулуарында журналистер сұрағына жауап беріп.
Вице-премьер тиісті түзетулер парламент қарауына енгізілетінін атап өтті.
Дүйсенованың айтуынша, қазір бұл бастама бизнеспен және кәсіпкерлікті дамыту мәселелерімен айналысатын мемлекеттік органдармен талқыланып жатыр.