https://sputnik.kz/20231011/qazaqstanda-bukmekerlik-kenselerdin-zharnamasyna-shekteu-qoyylmaq-39277043.html
Қазақстанда букмекерлік кеңселердің жарнамасына шектеу қойылмақ
Қазақстанда букмекерлік кеңселердің жарнамасына шектеу қойылмақ
Sputnik Қазақстан
Әзірге бұл ұсыныс бизнес өкілдерімен және мемлекеттік органдармен талқыланып жатыр 11.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-11T15:54+0500
2023-10-11T15:54+0500
2023-10-11T15:54+0500
қоғам
букмекерлік кеңсе
жарнама
https://sputnik.kz/img/07e6/06/08/25401710_0:0:3067:1725_1920x0_80_0_0_69d7d0179f4f81cc90dc5f8ef8f5dafc.jpg
АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Қазақстанда букмекерлік кеңселердің жарнамасына шектеу қойылуы мүмкін. Бұл туралы вице-премьер Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Вице-премьер тиісті түзетулер парламент қарауына енгізілетінін атап өтті.Дүйсенованың айтуынша, қазір бұл бастама бизнеспен және кәсіпкерлікті дамыту мәселелерімен айналысатын мемлекеттік органдармен талқыланып жатыр.
https://sputnik.kz/20230915/qazaqstanda-17-bukmekerlik-kense-oz-erkimen-litsenziyasyn-tapsyrdy-38462713.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/08/25401710_141:0:2870:2047_1920x0_80_0_0_e286df2bff615acf610049ab4e478768.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
букмекерлік кеңсе, жарнама
букмекерлік кеңсе, жарнама
Қазақстанда букмекерлік кеңселердің жарнамасына шектеу қойылмақ
Әзірге бұл ұсыныс бизнес өкілдерімен және мемлекеттік органдармен талқыланып жатыр
АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Қазақстанда букмекерлік кеңселердің жарнамасына шектеу қойылуы мүмкін. Бұл туралы вице-премьер Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Халықаралық практикада букмекерлік кеңселердің жарнамасы тікелей спорт шаралары өтетін ғимаратта, спорт киім-кешегі мен жабдығында, спорттық телеарналарда және сол кеңселерде көрсетіледі. Біз де осы халықаралық тәжірибеге сүйеніп, осындай ұсыныс енгізіп отырмыз. Депутаттардан да осындай ұсыныс түсті", - деді Дүйсенова мәжіліс кулуарында журналистер сұрағына жауап беріп.
Вице-премьер тиісті түзетулер парламент қарауына енгізілетінін атап өтті.
Дүйсенованың айтуынша, қазір бұл бастама бизнеспен және кәсіпкерлікті дамыту мәселелерімен айналысатын мемлекеттік органдармен талқыланып жатыр.