ЕАЭО елдерінде жұмыссыз жүргендер саны азайды

2023 жылы тамыздың соңындағы жағдай бойынша жұмыссыздардың саны 892,9 мың адамды құрады
Sputnik
АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерде тіркелген жұмыссыз адамдардың саны азайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Еуразиялық экономикалық комиссияның мәліметіне сәйкес, 2023 жылы тамыздың соңындағы жағдай бойынша жұмыссыздардың саны 892,9 мың адамды құрады. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 15 процентке төмен.
Бұл ретте Қазақстанда жұмыссыздар саны – 288,4 мың адам.
Осылайша, ЕАЭО-да барлық жұмыс күшінің 0,9 проценті ғана жұмыссыздардың үлесіне тиіп отыр. Былтыр осы көрсеткіш 1,1 процент болған.
2022 жылы ЕАЭО-да контрафактілік тауарлардың көлемі екі есеге азайды